Қазақстандық боксшы чемпиондық белбеуге таласуға мүмкіндік алды

©MTK Kazakstan

20 шілде күні Алматы қаласында Tukeshov Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кеші өтеді. Бұл кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Нұрдос Төлебай (9-0, 7-КО) өнер көрсетеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ұйымдастырушылардың таратқан ақпараты бойынша, Төлебайдың қарсыласы мексикалық Мартин Родригес (9-2, 7 КО) болады. Боксшылар бірінші орта салмақта жастар арасындағы WBO белбеуін сарапқа салады. 

Айта кетейік, Төлебай өзінің соңғы кездесуін 25 наурыз күні Алматы қаласында өткізді. Ол жекпе-жекте отандасымыз өзбекстандық Бургут Ходжибаевтан (8-4, 3 КО) айласын асырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар