Қазақстанда Мэнни Пакьяоның жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

©

Қазақстанда Мэнни Пакьяоның чемпиондық жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі. Жексенбі, 22 тамыз күні филиппиндік боксшы өзінің кезекті кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Сегіз салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионының қарсыласы жартылай орта салмақта WBA Super белбеуінің иегері 35 жастағы кубалық Йорденис Угас болады.  

Жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) T-Mobile Arena Спорт кешенінде өтеді. Қазақстанда тікелей эфирде бұл кездесуді "Хабар" арнасы көрсетеді. Трансляция таңғы 8-де басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар