Кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова аралас жекпе-жекке ауысты

©instagram.com/sharipova_firuza

27 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова (14-2, 8 КО) алдағы уақытта аралас жекпе-жекте алғашқы кездесуін өткізеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл туралы спортшының өзі хабарлады. 

Аралас жекпе-жектегі алғашқы кездесуін Шарипова 30 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында өткізеді. Ол Alash Pride FC 75 турниріне қатысады. Бірақ оның қарсыласы әлі белгісіз. 

Айта кетейік, Шарипова кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, жеңіл салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы ирландиялық Кэти Тейлордан (20-0, 6 КО) жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар