"Канеломен" жекпе-жекте белбеуінен айырылған америкалықтың қарсыласы анықталды

©instagram.com/calebplant

Екінші орта салмақта IBF белбеуінің бұрынғы иегері америкалық Калеб Плант (21-1, 12 КО)  шаршы алаңға 15 қазанда қайта оралады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

BoxRec ақпараты бойынша, Планттың қарсыласы Диррелл (34-2-2, 25 КО) болады. Бұл кездесу 12 раундқа жоспарланған. Жекпе-жек Бруклинде (АҚШ) өтеді. 

Айта кетейік, Плант өзінің чемпиондық белбеуінен 2021 жылдың қараша айында Сауль "Канело" Альвареспен  (57-2-2, 39 КО) өткен кездесуде айырылған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар