"Канело" өзінің жақсы көретін боксшысын атады

©Тұрар Қазанғапов

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес өзінің жақсы көретін боксшыларының бірі жеңіл салмақта WBA белбеуінің иегері Джервонта Дэвис екенін айтты. 

Мексикалықтың айтуынша, Дэвис басқа боксшыларға қарағанда ақылды әрі мықты. 

"Менің жақсы көретін боксшыларымның бірі - Джервонта Дэвис. Ол мықты, ақылды әрі өзіне сенімді боксшы. Таланты да бар", - деді "Канело" Геннадий Головкинмен өтетін үшінші кездесу алдындағы баспасөз жиыны кезінде. 

Айта кетейік, Джервонта Дэвис соңғы кездесуін мамын айында өткізіп, Роландо Ромероны алтыншы раунда нокаутпен жеңді. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар