Қанат Исламның шаршы алаңға нақты қашан оралатыны белгілі болды

©Islam team

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (28-1, 22 KO)  шаршы алаңға қашан оралатыны нақты белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Исламның бапкері Роджер Романың айтуынша, отандасмыз шаршы алаңға 8 қазан күні оралады. 

Бұл Ислам үшін карьерасындағы бірінші жеңілісінен кейінгі алғашқы айқасы болады. 

Еске салайық, ақпан айында ол Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында ұлыбританиялық Джимми Келлиден (26-2, 10 КО) төрешілер шығарған 95-95, 96-94, 97-93 есебімен жеңілген еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар