Жеңілмеген америкалық боксшы 24 жасында қайтыс болды

Трэвелл Мэзион. Сурет: Instagram.com©
Америкалық боксшы Трэвелл Мэзион жол көлік апаты салдарынан 24 жасында қаза болды, деп хабарлайды ESPN.

Мэзионның көлігі Остин қаласының (Техас штаты) маңында қарсы бағытқа шығып, бір машинаға жанасып, екінші автокөлікке соғысқан. Полиция әлі жол апатының салдарын анықтаған жоқ. 

Оқиға болған жерде Мэзион қайтыс болса, екінші көлікте болсаған кісі емханада мерт болған. Тағы бір адам емханада жатыр. 

Мэзион кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 2013 жылы 17 жасында өткізген. Сол уақыттан бері ол 17 кездесу өткізіп, барылығында жеңіске жеткен. 13 айқаста ол қарсыластарын нокаутқа жіберген. 



Соңғы кездесуін ол 11 қаңтарда өткізіп, 58 секунда мексикалық Фернандо Кастандені жеңді. Осы кездесуде боксшы бірінші орта салмақтағы Солтүстік Америка елдерінің NABF белбеуін жеңіп алған еді. 





Жаңалықтар