Жан Кособуцкийге түркиялық боксшымен жекпе-жек өткізу ұсынылды

©Universum Boxing

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийге (18-0, 17 КО) түркиялық боксшы Умут Чамкиранмен (18-0, 17 КО) кездесу өткізу туралы ұсыныс түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, бұл ұсынысты түркиялық боксшының командасы ұсынған. Жеңімпаз ауыр салмақтағы EBU белбеуін иеленеді. Айқас шілде айының ортасында өтуі керек болған. Бірақ кездесудің нақты уақыты мен қайда өтетіні енді белгілі болады. 

33 жастағы Чамкиран Германияда дүниеге келген. Бірақ өзінің тарихи отаны Түркияға көшіп кеткен. Ол кәсіпқой бокста 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 17 жекпе-жекте ол қарсыласын нокаутпен ұтқан. Чамкиран осы уақытқа дейін Албания, Ресей, Германия, Словакия және Германияда жұдырықтастан. 

Соңғы рет ол мамыр айында шаршы алаңға шығып, чехиялық Лукас Вакерді (3-2, 2 КО) жеңді. 

Ал Кособуцкий болса 22 мамырда Гамбург (Германия) қаласында франциялық Йохан Дюопаны (39-7, 26 КО) жеңіп, WBC International белбеуін иеленді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар