IBF өз рейтингінен Данияр Елеусіновті шығарып жіберді

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО)  Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінде үздік 15 боксшының қатарынан шығып қалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

31 жастағы боксшымыз Нұр-Сұлтан қаласында жеңіп алған белбеуінен кейін үздік 15 боксшының қатарына қосылған еді. Ал мамыр айындағы тізімнен ол шығып қалған. 

Елеусінов өнер көрсететін жартылай орта салмақта IBF белбеуінің иегері америкалық Эррол Спенс (27-0, 21 КО). 

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Елеусінов IBO белбеуін жеңіп алған еді. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар