Головкиннің мұхиттың жағасында жасап жатқан жаттығуын көрсетті

Сурет: instagram.com/gggboxing

Орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) жаттығуынан бір видео көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қазақстандық боксшы жаттығу жасап жатқан видеоны Instagram парақшасында бөлісіп, "Жағажайдағы жаттығу", - деп жазды. 

Айта кетейік, Головкинмен бірге Ұлттық хоккей лигасында өнер көрсететін ресейлік Илья Ковальчук та дайындалып жатыр. Олар жаттығу жұмыстарын Лос-Анджелес қаласында өткізуде. 

Еске салайық, Головкин өзінің кезекті кездесуін күзде өткізуі мүмкін. Оның қарсыласы польшалық Камил Шеремата болады деген ақпарат бар. 




 

Метки:
Жаңалықтар