Головкинмен жаттығатын боксшы кәсіпқой бокстағы жиырмасыншы кездесуін нокаутпен жеңді

©fightnews.info

Украиналық боксшы Сергей Богачук америкалық Рафаэль Игбоквені нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу Монтебелло (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында өткен шоудың басты жекпе-жегі болды. 

Орта салмақтағы аталған айқас он раунда жоспарланған еді. Бірақ алтыншы раундтан кейін америкалық боксшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. 

Бұл Богачуктің кәсіпқой бокстағы 20-шы жеңісі болды. Бір айта кетерлігі, украиналық боксшы барлық кездесуін нокаутпен жеңген. Дегенмен ол бір мәрте есе жіберді. Биыл наурыз айында Богачук америкалық Брэндон Адамстан нокаутен жеңілген. 

Айта кетейік, Богачуктің промоутері қазақстандық Геннадий Головкин және Али Ахмедовпен жұмыс істейтін Том Леффлер. Соңғы кездесулеріне украиналық боксшы GGG командасында жаттықты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар