Головкин өзінің бұрынғы қарсыласымен шығатын Ахмедовтің айқасы туралы пікір білдірді

©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жекпе-жектерін GGG Promotions компаниясы ұйымдастыратын Али Ахмедовтің (18-1, 14 КО) алдағы айқасы туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстандық боксшы GGG - "Канело" андеркартында өнер көрсетеді. Ахмедовтің қарсыласы америкалық Габриэль Росада (26-15-1, 15 КО) болады. Бұл боксшыны Головкин 2013 жылы нокаутпен жеңген еді. Ал алдағы айқаста супер орта салмақта IBF тұжырымы бойынша Солтүстік Америка чемпионы атағы сарапқа салынады. 

"Али үшін қуаныштымын. Оның келесі кездесуі DAZN платформасында, ақылы жүйе, яғни PPV-де болады. Сондай-ақ бұл кездесуде чемпиондық белбеу де сарапқа салынады. Бұл Али үшін өзін жақсы қырынан көрсетіп, жанкүйерлерді таңғалдыратын тамаша мүмкіндік. Промоутер ретінде мен Алиге қатты сенемін. Ол атын шығаратын уақыт келді деп ойлаймын", - деді Головкин ресми таратылған хаттамада. 

Еске салайық, бұл бокс кеші 17 қыркүйек күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар