Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізеді. Айқас уақыты белгілі

©instagram.com/gggboxing

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы (42-2-1, 37 КО) өзінің IBF белбеуіне міндетті қарсылас бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жекпе-жекті Қазақстанда өткізу туралы келіссөз жүргізуде, деп жазады vRINGe.com порталы. 

Бразилиялық журналист Вилсон Бальдинидің ақпараты бойынша, Головкин Фалькаомен кездесу өткізуге келіскен. Қазір чемпионның командасы DAZN стримингтік сервиспен кездесудің трансляциясын талқылауда. Кездесу наурыз айында Қазақстанда өтеді екен. 

Бразилиялық БАҚ бұл Головкиннің соңғы айқасы болуы мүмкін екен және оны Геннадий Қазақстанда өткізуге ниетті екенін жазды. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар