Флойд Мейвезер "Канело" Альварестің қорқақ екенін айтты

©CNN

Кәсіпқой бокстың аңызы Флойд Мейвезер екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (57-1-2, 39 КО) сынап тастады, деп жазады vRINGe.com порталы.

Сауль "Канело" Альварес жуырда бесінші салмақты бағындырмақ. Ол жартылай ауыр салмақта WBC белбеуінің қазіргі иегері конголық Илунга Макабу мен міндетті қарсыласы оңтүстік африкалық Табисо Мчуну арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады. 

Бірақ мексикалықтың мұндай шешімі Мейвезерге ұнамады: "Сауль Давид Бенавидестен қашып жүр. Ол осыған дейін төрт салмақта чемпион атанып, енді бесінші салмақты бағындырмақшы. Қарсыласы да мықты емес. Бір жеңіліп, бір жеңіп жүрген жігіт. Егер менің еркіме салатын болса, мен "Канелоның" Бенавидеспен кездесуін көргім келетін еді. 

Альваресті өте мықты боксшы деп есептеймін. Дегенмен ол шынымен Бенадидестен қашуда. Бұл тек менің ойым. Алайда мен Саульді түсінемін. Ол әлемдік бокста өзіне мықты абырой жинап алды. Кезінде мен де дәл осындай жағдайда болдым. Мен де кіммен жекпе-жек өткізгім келсе, соны таңдайтын едім. Өйткені, мен сол дәрежеге жеттім. Десек те маған "Канело" мен Макабудің кездесуі мүлде ұнамайды. Саульдің Бенавидеспен кездескенін қалаймын", - деді Мейвезер. 

Еске салайық, Мейвезер "Канелоны" жеңген жалғыз боксшы. Содан кейін де, дейін де мексикалық мүлде жеңілмеген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар