Джошуа бірінші кездесуде Усиктен жеңілгенін ашық мойындады

©Reuters

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін ұлыбританиялық боксшы Энтони Джошуа (24-2, 22 KO) бірінші кездесуде украиналық Александр Усиктен (19-0, 13 KO) шынымен жеңіліп қалғанын мойындады. 

Ол енді екінші кездесуде белбеулерін қайтарып алуға ниетті екенін айтты.

"Бірінші жекпе-жектің кейбір раундтарында ол менен шынымен үстем түсті. Мен ол жеңілісті еркек ретінде қабылдау керекпін. Ол жеңіліс үшін жауапкершілік тек менде. Жеңілісімді мойындай алатын адаммын. Өткен кездесуде ол жеңді. 

20 тамыз күні енді мен жеңемін. Жағдайды қиындатудың қажеті жоқ. Тек жеңу керекпін", - деп келтіреді Джошуаның сөзін JD Sports порталы. 

Айта кетейік, бұл боксшылар арасындағы екінші кездесу 20 тамыз күні Джидда (Сауд Арабиясы) қаласында болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар