Деревянченко мен Чарло арасындағы кездесу Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі

Zimbio.com ©
Орта салмақта WBC белбеуі үшін өтетін украиналық Сергей Деревянченко мен америкалық Джермалл Чарло арасындағы кездесуді "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл боксшы кеші 26 қыркүйек күні АҚШ-та өтеді. Қазақстанда тікелей эфир 27 қыркүйек күні таңғы 07:00-де басталады. 



Айта кетейік, Чарло орта салмақта WBC белбеуінің иегері. Ал Деревянченко болса өзінің соңғы кездесуін 2019 жылдың қазанында қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды. 





Метки:
Жаңалықтар