Бразилиялық нокаутшы Головкинмен Қазақстандағы айқасқа қатысты мәлімдеме жасады

©instagram.com/esquivafalcao

Кәсіпқой бокста жеңілмеген бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (30-0, 20 KO) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 KО) кездесуге қатысты батыл мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ол осы жолы алдымен әлеуметтік желісінде "Мен әлемді таңғалдырамын. Эскива Фалькао деген есімді ұмытпаңыздар", - деді. Кейін "Аңыз болу үшін аңызды жеңу керек", - деді. 

Айта кетейік, осыған дейін Головкин мен Фалькао арасындағы кездесу наурыз айында Қазақстанда өтуі мүмкін деген ақпарат шыққан болатын. Бұл отандасымыздың соңғы кездесуі болуы мүмкін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар