Бивол Бетербиевпен кездесу туралы пікірін ашық айтты

©ESPN

Жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы иегері ресейлік Дмитрий Бивол осы салмақта WBC, WBO және IBF белбеулерінің иегері канадалық Артур Бетербиевпен кездескісі келетінін айтты. 

Ресейлік боксшының айтуынша, оның қазіргі басты мақсаты - әлемнің абсолют чемпионы болу. 

"Әрине, менің басты мақсатым - абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жек өткізу. Мен Бетербиев пен Джо Смиттің кездесуін көрдім. Бұған дейін айтқанымдай, мен абсолют чемпион болғым келеді", - деді Дмитрий Бивол Sky Sports басылымына берген сұқбатында. 

Еске салайық, 18 маусым күні Бетербиев Смитті екінші раунда техникалық нокаутпен жеңіп, америкалықтың WBO белбеуін иеленді. 

Ал Бивол мамыр айында Сауль "Канело" Альваресті ұтып, WBA белбеуін қорғап қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар