Батыр Жүкембаев шаршы алаңға қашан шығатынын айтып берді

Батыр Жүкембав. Сурет: Eye of the Tiger©
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) шаршы алаңға қашан шығатынын айтты. Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында ол кездесудің қайда өтетінін де айтып берді. 

"Келесі кездесу жыл соңына дейін өту керек. Ол кездесу Қазақстанда өтпейді. Бұған жүз пайыз сенімдімін. Ресей, Канада немесе АҚШ жерінде өтуі мүмкін. Біз негізі жекпе-жекті Ресейде өткізгіміз келген. Бірақ пандемия кедергі болды. 

Жалпы мен жекпе-жекті АҚШ-та өткізгім келген. Дегенмен қазір жағдай оңай емес. Спортшыға тоқтауға болмайды. Қарқынды ұстап тұру керек. Қайда екені маңызды емес, маған кездесу өткізу керек", - деді боксшы. 

29 жастағы Жүкембаев кәсіпқой боксқа 2015 жылы ауысып, Канада жерінде 18 жекпе-жек өткізді. Қазіргі уақытқа дейін отандасымыз әлі жеңілмеген. Ол WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерінің иегері. Соңғы рет ол шаршы алаңға қаңтар айында Монреал қаласында шығып, мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутпен жеңді. 



Метки:
Жаңалықтар