Айдос Ербосынұлының қарсыласы неге нокаутпен жеңілгенін түсіндіріп берді

©Suleimen_Promotion

Гайана елінің боксшысы Аллен Леннокс (22-2-1, 14 КО) өзінің соңғы қарсыласы қазақстандық Айдос Ербосынұлын (16-0, 11 КО) жоғары бағалады. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ол жеңілісі жайлы және Қазақстанның қонақжайлығы туралы айтып берді. 

Кездесу кеше, 12 қыркүйек Нұр-Сұлтан қаласында "Көшпенділер шайқасы - 2" деп аталатын бокс кешінде өтті. Кездесу 12 раундқа жоспарланған. Аталған айқаста WBA чемпионаның міндетті қарсыласы атағы сарапқа салынды. Ербосынұлы бұл кездесудің оныншы раундында қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Жекпе-жектің видеосын мына жерден көре аласыз. 

"Кездесуде жақсы дайындық өткіздім. Айқасқа дайын болдым. Жекпе-жектің көп бөлігін қалай өткізгенім өзіме ұнады. Мықты-мықты соққылармен алмастық. Бұл кездесудің көпшілікке ұнағанына сенімдімін. Оныншы раундта менің бір соққым жақсы өткен еді. Бірақ ол шыдап, аяғында тұрып қалды. Кейін оның соққысы маған өтіп кетті. Тең дәрежеде өткен жекпе-жек болды. 

Мен Ербосынұлы мықты боксшы деп санаймын. Онымен екінші кездесу өткізгім келеді. Бізді күтіп алған азаматтарға алғыс айтқым келеді. Қазақстан өте қонақжай ел екен. Ал қарсыласыма алдағы кездесулерде сәттілік тілеймін", - деді Леннокс. 

Айта кетейік, Ербосынұлы кеше кәсіпқой бокстағы 16 жеңісіне қол жеткізді. Ол енді кубалық Давид Моррелге (5-0, 4 КО) тиесілі WBA чемпиондық белбеуіне міндетті үміткер атанды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар