Айдос Ербосынұлына ауыр нокауттан кейін операция жасалды

©boxingscene.com

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлына (16-1, 11 КО) АҚШ жерінде операция жасалды. Бұл туралы kstp.com хабарлады. 

Отандасымызға ота жексенбі күні кешке жасалған. Дереккөздің ақпараты бойынша, дәл қазір боксшының жағдайына байланысты қандай да бір болжам айту ерте. 

Еске салайық, осыған дейін Ербосынұлын кубалық Давид Моррелге (8-0, 7 КО) қарсы кездесуден кейін зембілмен алып кетті деген ақпарат шықты. Бұл айқаста Айдос 12-раундта нокаутпен жеңілді. Кейін оны Хеннепин (Миннесота штаты, АҚШ) аймағындағы медициналық орталыққа алып кеткен. Сосын оның миына қан кеткені анықталған. 

Ал Моррелдің бапкері болса қазақстандықтың бұл жағдайға түсуіне кімнің кінәлі екенін айтты. Мұндай мәлімдемені бапкер Айдостың жағдайы қиындағанға дейін айтты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар