Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы IBF белбеуін АҚШ чемпионына қарсы қорғайды

Жан Кособуцкий. Сурет: flickr.com/leifpm©
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) ауыр салмақтағы IBO Inter-Continental белбеуін америкалық Стив Вукошаға қарсы қорғайтын болды,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Он раундқа жоспарланып отырған бұл кездесу 17 қазан күні Дюссельдорф қаласында өтеді. Бұл кездесуде Кособцукий чемпиондық атағын бірінші рет қорғайды. Ал америкалық боксшы болса USA New England және WBC United States (USNBC) белбеулерін жеңген. 

Вукоша бұған дейінгі барлық кездесулерін АҚШ жерінде өткізген. Ол карьерасын 2001-2002 жылдары бастаған. Бірақ кейін ұзақ уақыт үзіліс алған. Сөйтіп, 2014-2015 жылдары қайта жаттығуға кірісіп, жекпе-жектерге тек 2019 жылдан бастап шыққан. Өткен жылдың тамыз айында ол соңғы кездесуін өткізіп, отандасы Джо Касуманоны (18-3, 16 КО) төрешілердің шешімі бойынша жеңді. 

Ал 31 жастағы Кособуцкий болса соңғы кездесуін Агрон Смакичиге қарсы өткізіп, IBO белбеуін жеңіп алды. 2020 жылы отандасымыз екі кездесу өткізіп, екеуінде де нокаутпен жеңіске жетті. Алдағы кездесуде IBF ұйымының Еуропа чемпионы деген атағы сарапқа салынады. 


Метки:
Жаңалықтар