Артур Бетербиевтің міндетті қарсыласпен жекпе-жегі кейінге шегерілді

©instagram.com/arturbeterbiev/

Жартылай ауыр салмақта WBC, IBF және WBO белбеулерінің иегері канадалық Артур Бетербиев (18-0, 18 КО) жарақат алып қалды. Енді ол қазан айына жоспарланған WBO жүйесі бойынша міндетті қарсыласы ұлыбританиялық Энтони Ярдқа (22-2, 21 КО) қарсы жекпе-жегін өткізе алмайды, деп хабарлайды vRINGe.com порталы. 

Енді Бетербиевтің орнына Ярд қараша айында басқа кездесу өткізеді. Ал Бетербиевке қарсы айқас 2023 жылдың басына қарай ауыстырылды. 

Еске салайық, шыққан тегі ресейлік Бетербиев маусым айында америкалық Джо Смитке (28-4, 22 КО) қарсы кездесу өткізіп, екінші раундта жеңіске жетті. 

Ал Ярд болса, 2019 жылдың тамыз айында Сергей Ковалевпен (35-4-1 29 КО) кездесіп, жеңілді. Биыл ол әлі кездесу өткізген жоқ. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар