Ангелина Лукас карьерасына байланысты маңызды мәлімдеме жасады

©instagram.com/angelina_lukas1997

24 жастағы қазақстандық боксшы Ангелина Лукас кәсіпқой боксшы лицензиясын алды. Бұл туралы боксшы Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Бүгін мен үшін маңызды күн. Мен кәсіпқой боксшы лицензиясын алдым. Бұл жаңа өмір, жаңа деңгей және Олимпиаданың алтынына жету үшін жаңа белес. Сонымен қатар әлемнің абсолют чемпионы болуы үшін жаңа бастама. Let’s go. 

Жаттығу залында 8 раундтық спарринг өткіздік. Сіздерді қуантамын. Мен сіздерді жақсы көремін - бокс менің өмірім", - деп жазды ол.

Еске салайық, Лукас кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өткізеді. Оның қарсыласы 26 жастағы украиналық Алена Гурьева (1-2, 0 КО) болады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар