Әлімханұлының командасы чемпиондарың жекпе-жектен "қашуына" қатысты пікір білдірді

©instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының "уақытша" чемпионы үшін өтетін кездесуде қарсыласының ауысуына байланысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұған дейін WBO ұйымы Хайме Мунгияның (39-0, 31 КО) орнына қазақстандық боксшымен кездесуге WBO Europe белбеуінің иегері Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) болатынын мәлімдеді. 

"Андраде, Фалкао сияқты мексикалық Мунгия да бізбен жекпе-жек өткізбейтін болды! Ресми хабарды оқыдыңыздар. Бүгін WBO басқа қарсылас ұсыныпты. Жекпе-жекке келісуге 10 күн уақыт беріпті. Қалай аяқталатынын күтейік. Он күннің үшеуін көріп тастадық. Тағы бір он күнді көрейік? Біз кез-келген қарсыласқа дайынбыз! Бізге белбеу керек! Басқа ештеңе қызық емес!", - деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар