"Әлімханұлы әлі орта салмақта шулатады". Маман отандасымыздың болашағы жайлы айтты

Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта біраз шулата алады. Мұндай пікірді FightSpace жобасының авторы, ресейлік маман Григорий Стангрит айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында маман ол үшін отандасымызға не істеу керектігін де айтып берді. 

"Мен Жәнібекті 2016 жылғы Олимпиада ойындарынан жақсы білемін. Сол кездедің өзінде оның стилі кәсіпқой боксқа келетінін көрген ем. 

Ол орта салмақты біраз шулата алады. Бірақ бір нәрсеге назар аудару керек. Ол тек соққысына ғана назар аудармай, басқа да қырларын жетілдіру керек", - деді Стангрит. 

Айта кетейік, Әлімханұлы қазіргі уақытта WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерінің иегері. Ол бұған дейін америкалық Джермалл Чарлоны жекпе-жекке шақырды. Сондай-ақ, отандасымыз 2021 жылы орта салмақтағы чемпиондардың кез-келгенімен шығуға дайын екенін мәлімдеді. 

Еске салайық, Олимпиада ойындарында Әлімханұлы 75  келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, ширек финалда әзірбайжандық Камран Шахсуварлыдан жеңілді. 

 

Метки:
Жаңалықтар