Алматыдағы бокс кешінде шашршы алаңға шығатын барлық жұптар анықталды

Сурет: ҚБФ
MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясы 18 шілде күні Алматыда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын барлық жұптарды жариялады. 

Бокс кешінің басты жекпе-жегінде кәсіпқой бокста жеңіліс көрмеген қазақстандық Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) пен Арман Рысбек (7-0, 6 КО) кездеседі. 

Одан бөлек бұл күні Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы Сағадат Рақманқұл (6-1-0, 4 КО) болады. Сонымен қатар жастар арасындағы Олимпиада ойындарының финалына жеткен Талғат Шәйкен мен Берік Нұрымбетов (5-0, 1 KO) жұдырықтасады. 

Қалған жұптар мынадай:

Сапарбай Айдаров (4-0-0) - Абай Толеш (5-0-0);
Нұржан Мақашев (0-0-2) - Нұрдос Төлебай (2-0-0); 
Лунара Альхамова (дебют) - Жансая Рахымберді (1-0-0);
Талғат Бертілеуов (0-1-0) - Рай Сейітжанов (2-0-0);
Қанағат Қартбаев (дебют) - Айдос Медет (3-0-0);
Нұрслан Сабиров (дебют) - Айдос Медет (3-0-0);
Бектас Қасенай (1-0-0) - Заманбек Данабеков (1-0-0).

Жекпе-жектер жанкүйерсіз санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өтеді. Кездесулерді АҚШ жерінде ESPN+, әлем бойынша IFL TV, ал Қазақстанда QazSport телеарнасы көрсетеді. 




Жаңалықтар