Әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге келісім берді

Сурет: DAZN
ESPN телеарнасының тілшісі Сальвадор Родригес қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен жапониялық Риото Мурата (16-2, 13 КО) арасында келіссөз жүріп жатқанын растады,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Маған Головкин мен Мурата арасындағы кездесу ұйымдастыру үшін келіссөз жүріп жатқанын растады. Бірақ Головкинмен кездесу үшін Риото бір кездесу өткізіп, бабына еніп алуы керек", - деді Родригес. 

Еске салайық, Мурата орта салмақта Сауль Альварес (54-1-2, 36 КО) суперчемпион атағын тастап кеткеннен кейін WBA белбеуінің иегері атанды. Ал Головкин болса орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері. 

Метки:
Жаңалықтар