auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қанат Исламның алған жарақаты болашақта кері әсер тигізуі мүмкін - Жарылғапов

Қанат Исламның алған жарақаты болашақта кері әсер тигізуі мүмкін - Жарылғапов
Қанат Ислам. Сурет әлеуметтік желіден
Қазақстандық промоутер Әлихан Жарылғапов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында WBO Intercontinental және WBA Fedelatin нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Исламның (23-0, 19 КО) бразилиялық Робсон Ассиске (16-4, 9 КО) қарсы өткізген жекпе-жегінде алған жарақаты болашақта кері әсер тигізуі мүмкін дейді.

"Қанат жекпе-жекті алғашқы раунда-ақ аяқтағаны дұрыс болды. Алған жарақаты ауыр, қан көп кетті. Егер кездесу бірінші раундта аяқталмаған да, ерте ме, кеш пе, бәрібір төреші жекпе-жекті Исламның жарақатына байланысты тоқтатуға мәжбүр болар еді. Бүгін Қанаттың алған жарақаты оған болашақта кері әсерін тигізуі мүмкін", - дейді Жарылғапов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өткен жекпе-жек басында Қанат қабағынан жарақат алып қалды. Осыған байланысты төреші кездесуді тоқтатуы мүмкін еді. Алайда намысты қолдан бермеген «Қазақ» қарсыласын соққылардың астына алып, кездесуді жылдам аяқтады. Бразилиялық қазақ боксшысының қауқарлы соққыларына бір раунд та шыдас бере алмады.

Айта кетейік, Қанат Ислам мен Робсон Ассис арасындағы рейтингтік жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын. Кездесудің бейнежазбасын мына сілтемеден көре аласыз.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері 23-ші кездесуінде жеңіске жетті. Оның ішінде 19 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған.

Сонымен қатар, Робсон Асиске қарсы өткізген жекпе-жегінен кейін Қанат Ислам ЕХРО-2017 кезінде Астанада жұдырықтасатынын айтты.

Ал одан кейін Қазақстан кәсіпқой бокс Федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Робсин Асис Қанат Исламның деңгейіндегі боксшы еместігін айтқан болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама