Профи-бокс
18 ақпан 2017 15:41
 

Қанат Исламның алған жарақаты болашақта кері әсер тигізуі мүмкін - Жарылғапов

  Пікірлер

blog.share

Қанат Исламның алған жарақаты болашақта кері әсер тигізуі мүмкін - Жарылғапов Қанат Ислам. Сурет әлеуметтік желіден

Қазақстандық промоутер Әлихан Жарылғапов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында WBO Intercontinental және WBA Fedelatin нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Исламның (23-0, 19 КО) бразилиялық Робсон Ассиске (16-4, 9 КО) қарсы өткізген жекпе-жегінде алған жарақаты болашақта кері әсер тигізуі мүмкін дейді.

"Қанат жекпе-жекті алғашқы раунда-ақ аяқтағаны дұрыс болды. Алған жарақаты ауыр, қан көп кетті. Егер кездесу бірінші раундта аяқталмаған да, ерте ме, кеш пе, бәрібір төреші жекпе-жекті Исламның жарақатына байланысты тоқтатуға мәжбүр болар еді. Бүгін Қанаттың алған жарақаты оған болашақта кері әсерін тигізуі мүмкін", - дейді Жарылғапов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өткен жекпе-жек басында Қанат қабағынан жарақат алып қалды. Осыған байланысты төреші кездесуді тоқтатуы мүмкін еді. Алайда намысты қолдан бермеген «Қазақ» қарсыласын соққылардың астына алып, кездесуді жылдам аяқтады. Бразилиялық қазақ боксшысының қауқарлы соққыларына бір раунд та шыдас бере алмады.

Айта кетейік, Қанат Ислам мен Робсон Ассис арасындағы рейтингтік жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын. Кездесудің бейнежазбасын мына сілтемеден көре аласыз.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері 23-ші кездесуінде жеңіске жетті. Оның ішінде 19 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған.

Сонымен қатар, Робсон Асиске қарсы өткізген жекпе-жегінен кейін Қанат Ислам ЕХРО-2017 кезінде Астанада жұдырықтасатынын айтты.

Ал одан кейін Қазақстан кәсіпқой бокс Федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Робсин Асис Қанат Исламның деңгейіндегі боксшы еместігін айтқан болатын.

blog.share
Қазақстандық промоутер Әлихан Жарылғапов 
Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында WBO Intercontinental және WBA Fedelatin нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Исламның (23-0, 19 КО) бразилиялық Робсон Ассиске (16-4, 9 КО) қарсы өткізген жекпе-жегінде алған жарақаты болашақта кері әсер тигізуі мүмкін дейді.

"Қанат жекпе-жекті алғашқы раунда-ақ аяқтағаны дұрыс болды. Алған жарақаты ауыр, қан көп кетті. Егер кездесу бірінші раундта аяқталмаған да, ерте ме, кеш пе, бәрібір төреші жекпе-жекті Исламның жарақатына байланысты тоқтатуға мәжбүр болар еді. Бүгін Қанаттың алған жарақаты оған болашақта кері әсерін тигізуі мүмкін", - дейді Жарылғапов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

АҚШ-тың Уилмингтон қаласында өткен жекпе-жек басында Қанат қабағынан жарақат алып қалды. Осыған байланысты төреші кездесуді тоқтатуы мүмкін еді. Алайда намысты қолдан бермеген «Қазақ» қарсыласын соққылардың астына алып, кездесуді жылдам аяқтады. Бразилиялық қазақ боксшысының қауқарлы соққыларына бір раунд та шыдас бере алмады.

Айта кетейік, Қанат Ислам мен Робсон Ассис арасындағы рейтингтік жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған болатын. Кездесудің бейнежазбасын мына сілтемеден көре аласыз.

Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері 23-ші кездесуінде жеңіске жетті. Оның ішінде 19 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған.

Сонымен қатар, Робсон Асиске қарсы өткізген жекпе-жегінен кейін Қанат Ислам ЕХРО-2017 кезінде Астанада жұдырықтасатынын айтты.

Ал одан кейін Қазақстан кәсіпқой бокс Федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Робсин Асис Қанат Исламның деңгейіндегі боксшы еместігін айтқан болатын.

Жарнама

Живи спортом!