auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

5-мамырда жекпе-жек өтеді дегенге сенімді емеспін - Головкиннің промоутері

5-мамырда жекпе-жек өтеді дегенге сенімді емеспін - Головкиннің промоутері
Геннадий Головкин. Сурет: HBO Boxing
Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер отандасымыздың 5 мамырға жоспарланған кездесуі өтпей қалуы мүмкін екенін айтты. 

"Қазіргі уақытта мен Головкиннің кездесуі 5 мамыр күні өтеді дегенге сенімді емеспін", - деп келтіреді Леффлердің сөзін World Boxing News порталы. 

Леффлер бұл мәліметті WBC, WBA және IBF ұйымдары Головкинге бірінші орта салмақта АҚШ намысын қорғайтын армян боксшысы Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) кездесуге рұқсат бермеген соң айтты. 

Сәуір айының басында Головкин ресми түрде 5 мамыр күні жекпе-жек өткізетінін айтты. Қазақстандық боксшы мұндай мәлімдемені Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) екінші кездесуден бас тартқан соң жасады. Мексикалық боксшы екі рет допинг-сынақтан сәтсіз өтті. Оның қанынан кленбутерол дәрумені табылды. Содан соң "Канелоны" Невада штатының Атлеттер комиссиясы (NSAC) жекпе-жектерден уақытша шеттетті. Енді оның мәселесі 18 сәуір күні қарастырылатын болады

Головкин - Альварес кездесуден бас тартқан соң, 5-мамыр күні жекпе-жек өткізбей қалуы ықтимал. Отандасымыздың командасы 24 жастағы мексикалық боксшы Хайме Мунгуйеймен (28-0, 24 КО) кездесу ұйымдастыруға тырысқан. Алайда NSAC бірінші орта салмақтағы боксшыға Головкинмен кездесуге рұқсат бермеді. Содан соң Головкиннің қарсыласы АҚШ атынан өнер көрсететін армян боксшысы Ванес Мартирося (36-3-1, 21 КО) болады деген ақпарат шықты. Бірақ бұл кездесуге WBC, WBA және IBF ұйымдары қарсы болды.

Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Головкинмен кездесуге ережесіз жекпе-жек өкілі де дайын екен. Нақтырақ айтатын болсақ, отандасымызды UFC болашақ жұлдызы Брайан Ортега айқасқа шақырды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама