auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Фируза Шарипова екі салмақ дәрежесінде IBO титулына таласады

Фируза Шарипова екі салмақ дәрежесінде IBO титулына таласады
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (IBO) қазақстандық боксшы қыз Фируза шариповаға екі салмақ дәрежесінде чемпиондық атаққа таласуға рұқсат берді. Бұл туралы және болашақтағы жоспарлары туралы спортшы қыздың менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"IBO 63,5 келі салмақта және 59 келіге дейінгі салмақта ресейлік Светлана Кулакова мен белгиялық Джемили Гонтарюкке қарсы жекпе-жек өткізуге рұқсат берді. Келесі жепе-жекті біз қарашаның соңында Мәскеуде өткізуіміз мүмкін. Бірақ Фируза өз елінде жекпе-жек өткізгісі келеді. Сол себепті біз бокс кешін Алматыда өткізуді қарастырып жатырмыз. Егер біз Қазақстаннан қолдау тапсақ, екінші нұсқа іске асуы әбден мүмкін. 

Сәуір-мамыр айларында Фирузаның туған қаласы Таразда чемпиондыққа таласу жекпе-жегі өтуі мүмкін. Содан кейін біз Фирузаның үш салмақ дәрежесінде чемпион атанатынына сенімдіміз. 

Қазіргі уақытта Фирузаға ұсыныстар мына елдерде түсіп жатыр: АҚШ, Еуропа, Канада, Аустралия және Қытай. Сонымен қатар, оны киноға және жарнамаға түсуге де шақырып жатыр. Бірақ біз Алматыда және Таразда жекпе-жек өткізгенді жөн көріп отырмыз. Бұл жекпе-жекте біз конға тек IBO титулын қоймай, басқада титулдарды қойсақ деген ойымыз бар. Біз WBC титулына да таласып, жекпе-жекте осы ұйымның белбеуі бәске тігілгенін қалап отырмыз. Алматыда Фируза Қазақстандағы кәсіпқой бокста екі салмақ дәрежесінде чемпион атанған жалғыз қыз атануы мүмкін. Таяуда МакГрегор екі салмақ дәрежесінде UFC чемпионы атанды, бұл тарихта бірінші рет болды", - дейді Сергей Зелинский. 

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз Фируза Шарипова 26 тамыз күні жеңіл салмақтағы WIBA және WBU чемпиондық титулдары үшін өткен жарыста болгариялық Милена Колеваға қарсы жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан боксы тарихында мұндай болмаған, Фируза Шарипова - кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы атанған Қазақстандағы бірінші бұрымды спортшы және қазіргі уақытта әйелдер арасындағы Қазақстаннан шыққан жалғыз чемпион.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама