Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Фируза Шарипова көктемде Таразда жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

Шарипова әйелдер арасында кәсіпқой бокста чемпион атанған Қазақстаннан шыққан жалғыз қыз.


© Vesti.kz
© Vesti.kz
Жеңіл салмақта WIBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова алдағы екі жекпе-жегін өз елінде өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды спортшы қыздың баспасөз қызметі. 

"Бүгін біз Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаевпен кездестік. Милена Колеваны жеңіп, чемпиондық екі белбеуді иеленгені үшін ол Фирузаға Тараз қаласынан пәтер кілтін сыйлады, сонымен қатар біз алдағы жоспарымыз туралы сөйлестік. Келесі жылдың сәуір айының соңына дейін Фируза Шарипова Тараз қаласында жекпе-жек өткізетін болып келістік. Ал оған дейін қарашаның соңында желтоқсанның басында Фируза Алматыда не Мәскеуде екі жекпе-жек өткізеді. Бұл жекпе-жектерде Фируза іргелес салмақ дәрежелерінің чемпионы атағына таласады. Біз жақын уақытта үш салмақ дәрежесінде чемпион атағын жеңіп алуды жоспарлап отырмыз. Ол өз елінде өнер көрсеткеніне дән риза, ол өз жеңістерімен елінің, Тараздың атын бүкіл әлемге шығарғасы келеді. Жамбыл облысы әкімдігіне және Кәрім Көкрекбаевқа осындай қолдау білдіргені үшін алғыс білдіремін. Фирузаның жеңістеріне сөзбен де іспен де қолдап жатқан адамдар себепкер", - деді Шарипованың менеджері Сергей Завильский. 

Еске салайық, 26 тамызда Астанада өткен бокс кешінде Фируза Шарипова Милена Колеваны жеңіп, чемпиондық екі белбеуді иеленді. Шарипова әйелдер арасында кәсіпқой бокста чемпион атанған Қазақстаннан шыққан жалғыз қыз.
  Пікір: 0
  0