30 нокауты бар мексикалық боксшы Головкиннің бұрынғы қарсыласымен кездесу өткізуге келісті

©bookmaker-ratings.ru. Хайме Мунгия

Бірінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, орта салмақта WBC рейтингінің көшбасында тұрған мексикалық боксшы Хайме Мунгия (37-0, 30 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-3, 10 КО) кездесу өткізуге келісті, деп хабарлайды vRINGe.com

Мексикалық боксшыға бұл кездесуді өткізу туралы талапты Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) өткен аптада міндеттеген. Аталған кездесудің жеңімпазды осы ұйымның чемпионы америкалық Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алады. 

"WBC белбеуіне жұдырықтасуды үнемі армандайтын едім. Сондықтан Деревянченкоға қарсы кездесу өткізу керек болса, мен дайынмын. Бұл айқас маған жақсы тәжірибе жинауға көмектеседі. Себебі, Сергей бұған дейін мықты жігіттермен жұдырықтасқан тәжірибелі боксшы. Мұндай қарсыласты жеңсем жанкүйерлердің маған деген сенімі де арта түседі. Жекпе-жек мен үшін пайдалы болады. Жеңіске жетемін деген сенімдемін", - деп келтіреді Мунгияның сөзін Boxingscene.com порталы. 

Мунгия мен Деревянченко арасындағы кездесу DAZN платформасында өтуі мүмкін. Себебі, мексикалық боксшы осы сервиспен жұмыс істейді. 

Айта кетейік, осыған дейін Деревянченко үш мәрте әлем чемпионы белбеуіне таласып көрген. Оның ішінде қазақстандық Геннадий Головкинге де қарсы кездесу өткізді. Бірақ үшеуінде де жеңілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар