Ұлттар лигасы матчтары алында Қазақстан құрамасының қорғаушысы жарақат алып қалды

Дмитрий Мирошниченко.Сурет: ҚФФ
"Тобылдың" қақпашысы Игорь Шацкий мен қорғаушы Дмитрий Мирошниченко Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан кетті,- деп хабарлайды қостанайлық клубтың ресми сайты. 

Бұл екі ойыншы да жарақат алып қалыпты. Сол үшін ұлттық құраманың алдағы екі ойынына қатыса алмайды. Сондай-ақ алдағы матчқа "Астана" қорғаушысы Дмитрий Шомко мен шабуылшы Алексей Щеткин де қатыса алмайды. 

Бұл ойыншылардың орнына "Қайраттың" қақпашысы Данил Устименко мен шымкенттік "Ордабасы" командасының қорғаушысы Тимур Досмағамбетов пен шабуылшы Сергей Хижниченко шақырту алды.

Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасы 4 қыркүйек күні сырт алаңда Литва құрамасына қарсы ойнаса, 7 қыркүйек күні Алматы Беларусь құрамасын қабылдайды.
Метки:
Жаңалықтар