Қазақстан FIFA рейтингінде Қырғызстанға орнын берді

©ҚФФ

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) рейтингін жаңартты. Қазақстан құрамасы 3 саты төмендеп, жүздік тізімінен шығып қалды.

Бұған дейін Магомед Адиев жаттықтыратын құрама 100-орында болған еді. Жаңарған рейтингте 103-орынға түскен. Қырғызстан құрамасы 3 саты жоғарылап, Қазақстанмен орын алмасқан.

Қазақстан құрамасы наурыз айында 2 ресми ойын өткізді. Еуропа чемпионатына берілетін жолдамаға таласта Грекиядан ойсырай ұтылды. Кейіннен Люксембург құрамасына да есе жіберді.

Рейтингтің алғашқы ондығында аз-кем өзгерістер бар. Аргентина мен Франция құрамалары көш басындағы орындарын сақтап қалса, үштікке Бельгия құрамасы келіп қосылды. Англия бір саты төмен сырғыды.

Сондай-ақ Португалия 7-орыннан 6-ға көтеріліп, Нидерланд құрамасын бір саты төмен сырғытты.

FIFA рейтингі:

1 (1). Аргентина – 1858 ұпай;

2 (2). Франция – 1840,59;

3 (4). Бельгия - 1795,23;

4 (3). Англия - 1794,90;

5 (5). Бразилия – 1788,65;

6 (7). Португалия – 1748,11;

7 (6). Нидерланд – 1742,29;

8 (8). Испания – 1727,50;

9 (9). Италия – 1724,60;

10 (10). Хорватия – 1721,07;

...103 (100). Қазақстан - 1203.64.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport