Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды

Сурет: ҚФФ

Қазақстан құрамасын отандық танымал маман Талғат Байсуфинов басқаратын болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлады. 

Талғат Маруаұлы бұған дейін де ұлттық құраманы басқарып, 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқан болатын.

Сонымен қатар, білікті бапкер әр уақытта Петропавлдың «Есіл-Богатырь», Павлодардың «Ақсу», «Ертіс», Оралдың «Ақжайық» футбол клубтарында жұмыс істеді.

Келесі көктемде Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеуді бастайды.

Топтық кезеңде Франция, Украина, Финляндия, сонымен қатар Босния және Герцеговина құрамалары қарсылас болмақ.

Метки:
Жаңалықтар