Стас Покатилов Ұлттар лигасының үздік қақпашысы атанды

Сурет: ҚФФ
"Қайрат" пен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов сейв саны бойынша Ұлттар лигасының үздік қақпашысы болды,- деп хабарлайды алматылық клубтың ресми сайты УЕФА-ға сілтеме жасап.

Қақпашы 21 рет қақпасын голдан аман алып қалған, орта есеппен бір ойында 4,2 сейв жасады. Турнирдің бес кездесуінде Покатилов жеті гол жіберіп алды, екі рет құрғақ матч өткізді.

Үздік бестік келесідей:

1. Стас Покатилов (Қазақстан) - 21 сейв;

2. Георгий Бущан (Украина) - 20 сейв;

3. Ибрахим Шехич (Босния және Герцеговина) - 19 сейв;

4. Жозеп Гомес (Андорра) - 18 сейв;

5. Ян Зоммер (Швейцария) - 18 сейв

Айта кетейік, бүгін, 18 қарашада Михал Билектің шәкірттері өз алаңында Литваға қарсы ойнайды. Басталуы - Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де.
Метки:
Жаңалықтар