Солтүстік Македония құрамасы Қазақстанның 69-шы қарсыласы атанбақ

сурет: ua-football

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен кездеседі. Осылайша Игор Ангеловски баптайтын балқан түбегінің өкілдері отандастарымыздың 69-шы қарсыласы атанбақ. Ал УЕФА-ға мүше командалар арасындағы 40-шы қарсылас атанып отыр.

Жолдастық матчтан кейін македониялықтар Румыния астанасы Бухарестке аттанып, Еуропа чемпионатындағы алғашқы кездесуін мамыр айының 13-ші жұлдызы Аустрияға қарсы өткізеді.

Әлемдік рейтингте "қызыл арыстандар" 62-ші орында тұрса, Қазақстан құрамасы 124-ші сатыға жайғасқан.

Солтүстік Македония мен Қазақстан арасындағы кездесуді бүгін Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен елорда уақытымен 22.00-де тамашалай аласыздар.

Метки:
Жаңалықтар