Масқара! Қазақстан ФИФА рейтингінде жылды Тәжікстан құрамасынан төмен аяқтады

Сурет: ҚФФ
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде 122-орынға жайғасты,- деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Жалпы жыл соңына қарай Қазақстан құрамасы рейтингте тек төмен түсіп отырды. Мысалы, қазан айында 118-орынға түссе, қараша айында 119-орынға сырғыған еді. Енді міне 122 орынға дейін төмен түскен. Бір айта кетерлігі, Тәжікстан құрамасы жаңа тізімде 121-орында тұр. 

ФИФА рейтингіндегі үздік он құрама: 

1 (1). Бельгия - 1780 ұпай;
2 (2). Франция - 1755;
3 (3). Бразилия - 1743;
4 (4). Англия - 1670;
5 (5). Португалия - 1662;
6 (6). Испания - 1645;
7 (7). Аргентина - 1642;
8 (8). Уругвай - 1639;
9 (9). Мексика - 1632;
10 (10). Италия - 1625;
...122 (122). Қазақстан - 1142.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы турнирінде ойнап, 4 топта төрт ұпай жинап, соңғы орын алды. Енді осы топта қалу үшін тоғыспа кездесуге қатысады. 


Метки:
Жаңалықтар