Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойындар кестесі шықты

Сурет ҚФФ сайтынан алынды
УЕФА ұйымының ресми сайты Ұлттар лигасының екінші маусымындағы ойын кестесін жариялады. 

Бұл турнирде Михал Билек жаттықтыратын Қазақстан құрамасы С дивизионында өнер көрсетеді. Қарсыластарымыз - Албания, Беларусь және Литва құрамалары. Ұлттар лигасындағы бірінші кездесуді біздің құрама 5 қыркүйек күні сырт алаңда Литва құрамасына қарсы өткізеді. 

Қазақстан құрамасының ойындар кестесі. 

5 қыркүйек  00:45 (Нұр-Сұлтан уақытымен):
Литва - Қазақстан

7 қыркүйек (20:00):
Қазақстан - Беларусь

11 қазан (19:00):
Қазақстан - Албания

15 қазан (00:45):
Беларусь - Қазақстан

15 қараша (22:00):
Албания - Қазақстан

18 қараша (20:00):
Қазақстан - Литва

С дивизионына Қазақстан құрамасы УЕФА ұйымының Ұлттар лигасына енгізген жаңа өзгерістеріне байланысты көтерілді. Екінші рет өтейін деп жатқан турнирде С дивизионында жеңіске жеткен құрамалар В дивизионына жоғарылайды. Ал ең нашар деген төрт команда өзара тоғысқа кездесу өткізеді. Қай жеңілгені D дивизионына төмендейді. 

Еске салайық, өткен маусымдағы Ұлттар лигасы турнирінде Қазақстан құрамасы Грузия, Латвия және Андорра құрамаларымен D дивизионында өнер көрсетіп, екінші орын алды. Біздің топта Грузия құрамасы топ жарды. Енді оларды Евро-2020 додасының финалдық кезеңіне таласады. 

Ұлттар лигасы турнирін іске қосы туралы шешім 2014 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен конгрессте қабылданған еді. Турнирдің бірінші кездесуі 2018 жылдың 6 қыркүйегінде өтті. Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы Грузиядан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Ал Ұлттар лигасы турнирінің бірінші жеңімпазы Португалия құрамасы атанды. Олар финалдық кездесуде Нидерланды құрамасын 1:0 есебімен жеңді. 





Жаңалықтар