Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы матч алдында қақпашысын ауыстырды

Данил Устименко. Сурет: ҚФФ©
Ұлттар лигасындағы ойындар алдында Қазақстан құрамасы сапында өзгерістер болды,- деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты. 

Ұлттық құраманың үш футболшысы алдағы Литва және Беларусь құрамаларына қарсы кездесуге қатыспайды. Олар - қақпашы Игорь Шацкий, қорғаушы Дмитрий Шомко және шабуылшы Алексей Щеткин. 

Бұл ойыншылардың орнына "Қайраттың" қақпашысы Данил Устименко мен шымкенттік "Ордабасы" командасының қорғаушысы Тимур Досмағамбетов пен шабуылшы Сергей Хижниченко шақырту алды. 

Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасы 4 қыркүйек күні сырт алаңда Литва құрамасына қарсы ойнаса, 7 қыркүйек күні Алматы Беларусь құрамасын қабылдайды. 



Метки:
Жаңалықтар