Қазақстан жастар құрамасын 36 жастағы "Қайраттың" экс-футболшысы жаттықтыратын болды

Артем Гавриленко. Сурет: "Қайрат" ФК©

Қазақстан футбол федерациясының Бапкерлер кеңесінің кезекті жиыны видеоконференция форматында өтті. Оның қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданып, жастар және жасөспірімдер құрамаларының бапкерлері ауысты. Бұл туралы ҚФФ ресми сайтында хабарланған.

21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасын Құлшынбаев Алмас Жақанұлы жаттықтыратын болды. Оның көмекшісі болып Нұрдәулетов Қайрат Жұмабекұлы қала бермек.

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасында Алмас Құлшынбаевтың орнын Гавриленко Артём Анатольевич басады.

15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиынын  Арутюнян Жора Ашотович жүргізеді. Қос бапкер де алматылық "Қайрат футбол клубының академиясында жұмыс істейді. Артём Гавриленко мен Жора Арутюняннің көмекшілері кейін тағайындалады.

17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының жаттықтырушылар штабын Сарманов Жандос Қайратжанұлы басқармақ. Оның көмекші болып Морунов Евгений Павлович шақырылды.

19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасын жаттықтыру Геймат Искандар Исмаиловичке сеніп тапсырылды. Оның көмекшісі Нәукенов Сәкен Рахметоллаұлы болмақ.

17 және 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының жаттықтырушылары Шымкент қаласының "БИІК-Қазығұрт" және СДЮШОР №7 командаларынан алынып отыр. Ал, 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының аға жаттықтырушысының көмекшісі Сәкен Нәукенов Ақтөбе қаласының ОСДЮСШ №2 командасын жаттықтырады.

Метки:
Жаңалықтар