Исламхан допингпен ұсталды. Қазақстан құрамасына тағы кімдер көмектесе алмайды?

Сурет: ҚФФ
Ұлттық құраманың бірнеше негізгі ойыншылары алдағы матчтарға қатыса алмайды.

Жарақаттарына байланысты жартылай қорғаушылар Бахтиёр Зайнутдинов, Серікжан Мужиков, Думан Нәрзілдаев, сонымен қатар орталық қорғаушы Сергей Малый ұлттық құрама сапына келе алмады.

Денсаулықтарына байланысты алдағы ойындарға қорғаушы Темірлан Ерланов пен жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген қатыспауы мүмкін.

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан да көмекке келе алмайды. Азия Чемпиондар Лигасының ойынынан кейін футболшының тапсырған допинг-сынағында тыйым салынған препарат табылған. Ол уақытша ресми ойындарға қатыспайды.

Беларуссиялық "Рух" командасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев те ойнамайды. Футболшының Covid-19-ға тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен.

Қосалқы тізімнен орталық алаңда ойнайтын жартылай қорғаушылар Аслан Дарабаев пен Юрий Перцух, сонымен қатар, шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбай шақырылды.
Метки:
Жаңалықтар