Франция, Украина және басқалары. Қазақстанның әлем чемпионатының іріктеуіндегі қарсыластары анықталды

Сурет: ҚФФ

Швейцарияның Цюрих қаласында 2022 жылғы футболдан әлем біріншілігінің ірікетеу кезең жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасы D тобына түсті. 

Біздің қарсыластарымыз мына құрамалар - Франция, Украина, Финляндия сонымен қатар Босния және Герцеговина. 

2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне топтың жеңімпазы шығады. 

Тағы үш жолдама тоғыспа кездесулер арқылы сарапқа салынады. Бұл жолдамаларға топтық кезеңде екінші орын алған 12 команда және Ұлттар лигасының жеңімпазы таласады. 

Іріктеу кезеңдері 24-25 наурызда басталады. 


 

Метки:
Жаңалықтар