"Астана" шабуылшысы Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы сапында ойнай алмай қалуы мүмкін

Алексей Щеткин. Сурет "Астана" сайтынан алынды.
Елордалық "Астана" командасының шабуылшысы Алексей Щеткин Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында "Тобылға" қарсы өткен кездесуде ауыр жарақат алып қалды. Енді ол Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы сапында ойнай алмай қалуы мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

29 жастағы шабуылшы кездесудің 19-минутында жарақат алып, Дорин Ротариуға ауыстырылған еді. Оның командасы "Тобылдан" 0:2 есебімен жеңілді. 

Енді Қазақстан құрамасының бапкерлер қосыны Щеткиннің орнын басатын шабуылшының орнына басқа ойыншыны шақырмақшы. Сергей Хижниченко ("Ордабасы"), Владислав Васильев ("Рух", Беларусь), Бауыржан Турысбек ("Тараз"), Роман Муртазаев, Оралхан Омиртаев (екеуі де "Тобыл), Тоқтар Жаңғылышбай ("Ордабасы") және Артур Шушеначев ("Қайрат") қосалқы тізімде бар. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы матчтарын 4 және 7 қыркүйек күндері өткізеді. Қарсыластар Литва және Беларусь құрамалары. 



Метки:
Жаңалықтар