Ресейлік журналист "Барыс" ҚХЛ-дың жаңа маусымына қатыспауы мүмкін екенін айтты

Сурет "Барыстың" сайтынан алынды.
Ресейлік "Спорт-Экспресс" басылымының журналисі Алексей Шевченко Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымына елордалық "Барыс" клубының қатыспауы үмкін екенін айтты. 

"Сонымен, ҚХЛ келесі маусымда өнер көрсететін командалардың санына байланысты жаңа маусым кестесінің бірнеше нұсқасын жасады. Неге бірнеше нұсқа жасады? Демек маусымнан бір команда шығып қалуы мүмкін ғой? Неге үнсіз отырсыздар? Шамасы "Барыс" немесе "Йокерит" қатыспайтын шығар. "Барыс" жаттығуын бастай ма? Бұл әлі ешкімге белгісіз. "Йокерит" болса Хельсинкиден басқа жерде ойнағысы келмейді", - деп келтіреді Шевченконың сөзін "Шайба.kz". 



Айта кетейік, бүгін, 19 шілде күні ҚХЛ жаңа маусымға бірнеше кесте дайындап шығарды. Онда "Барыс" болады ма, жоқ па белгісіз. Себебі, елордалық клуб әлі жаттығуын бастаған жоқ. Қашан бастайтыны да белгісіз. Өйткені, қазір елімізде карантин. Ол 2 тамызға дейін жалғасады. Ал ҚХЛ қыркүйекте басталады. Коронавирус індетіне байланысты "Барыс" ҚХЛ-дың келесі маусымына қатыспауы мүмкін деген әңгімелер де болған еді. 





Метки: