"Барыс" ҚХЛ-де қатарынан үшінші матчте ұтылды

©"Барыс" ХК

Астаналық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында "Ладаға" қарсы матч өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тольятти қаласында өткен кездесу 2:1 есебімен ресейлік команданың пайдасына аяқталды.

Жетінші минутта тольяттиліктердің шабуылшысы Иван Романов есеп ашты. Екінші голды "Лада" ойыншысы Остап Сафин 34-минутта салды.

"Барыс" сапынан 38-минутта Понтус Оберг бір шайбаны қарсылас қақпасына сала алды.

Осылайша, астаналық команда қатарынан үшінші ойын ұтылып отыр. 20 қазанда өтетін келесі матчте "Барыс" сырт айдында "Сочимен" ойнайды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport