ҚХЛ "Барыстың" кейінге шегерілген ойындары қашан өтетінін хабарлады

Сурет "Барыс" сайтынан алынды.
Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) клубтармен ақылдаса келе "Барыстың" кейінге шегерілген екі ойыны қашан өтетінін хабарлады. 

ҚХЛ таратқан ақпарат бойынша, қазақстандық клубтың ригалық "Динамо" клубына қарсы матч 3 қараша күні, ал "Метталлург" командасына қарсы ойын 2021 жылдың 3 ақпанында өтетін болды. Негізі бұл ойындар әу баста 18 және 22 қыркүйек күні өту керек еді. 

Еске салайық, бұған дейін ҚХЛ қазақстандық команданың алты ойынын кейінге шегерді. Оған себеп, "Барыс" командасында анықталған коронавирус болды. Елордалық команда сапында 12 адам вирус жұқтырып алған екен. Қазір команда карантинде жатыр. 



Метки: