Дастин Бойд карьерасын "Барыста" жалғастыруы мүмкін

Найджел Доус. Сурет "Барыстың" сайтынан алынды.
33 жастағы шабуылшы Дастин Бойд карьерасын Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін "Барыс" клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz. Команданың баспасөз қызметі шабуылшының әлі де болса нақты жауап бермегенін айтты. 

"Барыс" шабуылшығы бір жылдық келісімшарт ұсыныпты. Өткен маусымда ол 56 кездесуге қатысып, 22 (13+9) ұпай жинаған болатын. 

Айта кетейік, 33 жастағы Бойд "Барыс" сапында сегіз маусым өнер көрсетті. Орталық шабуылшы бұл уақыт аралығында 451 кездесуге қатысып, 278 (132+146) ұпай жинаған. Сонымен қатар ол Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге үш әлем біріншілігіне және бір Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңіне қатысқан. 

Еске салайық, маусымаралық үзіліс кезінде "Барыс" 26 жастады швед шабуылшысы Якоб Лильяны қатарына қосты. Оған дейін команданы қақпашы Йони Ортио және шабуылшы Мэтт Фрэттин толықтырған болатын.